23.04.2015

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі өз акционерлеріне 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша жылдық жалпы жиналыстың шақырылғанын және 2015 жылғы 13 мамыр күні сағат 10.00-де келесі күн тәртібі бойынша өтетінін хабарлайды:

К Ү Н Т Ә Р Т І Б І :

1. Есеп комиссиясының жаңа мүшесін сайлау туралы.
2. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
3. Директорлар кеңесі мен Қоғам басқармасының 2014 жылғы жұмысы туралы есебін бекіту туралы. 
4. Қоғамның аудит тексерісінен өткен, 2014 жылғы жиынтық қаржылық есебін бекіту туралы.
5. Қоғамның 2014 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. 
6. Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініштері және олардың 2014 жылғы қаралу қорытындысы туралы.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2015 жылғы 13 мамыр күні сағат 08.00.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 2015 жылғы 13 мамыр күні сағат 10.00.
Жиналмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жылдық жалпы жиналысы аталған мекенжай бойынша 2015 жылғы 14 мамырда, сағат 10.00-де осы күн тәртібімен өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2015 жылғы 04 мамыр.
Акционерлер күн тәртібі бойынша материалдармен 2015 жылғы 30 сәуірден бастап сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Қоғамның мына мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2а.
Анықтама телефоны: 258-47-14.