«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 29 наурызда сағ. 10.00-де мына мекенжай: Алматы қ., Зенков к-сі, 2А бойынша өткен «Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды:
Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.
Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 333 057 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3 331 407 дауыс немесе 99,95 %; «қарсы» -жоқ; «қалыс қалғандар» -1 650 дауыс немесе 0,05 %; бір акционердің болмауына байланысты дауыс салуға 10 дауыс қатыспады.
Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ 2015 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:
Тәуелсіз аудиторлар есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ 2015 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін.
Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 333 057 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3 332 037 дауыс немесе 99,97 %; «қарсы» – 660 дауыс немесе 0,02 %; «қалыс қалғандар» – 360 дауыс немесе 0,01 %; бір акционердің болмауына байланысты дауыс салуға 10 дауыс қатыспады.
Күн тәртібінің «Қоғамның 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы» үшінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ жай акцияларына дивиденділер есептелмесін әрі төленбесін және 2015 жылғы түскен 3 367 631 000 (үш миллиард үш жүз алпыс жеті миллион алты жүз отыз бір мың) теңге көлеміндегі таза табыс Қоғамның бөлінбеген табыс шотында қалдырылсын.
Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 333 057 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3 328 397 дауыс немесе 99,86 %; «қарсы» – 4 000 дауыс немесе 0,12 %; «қалыс қалғандар» – жоқ; 660 дауыс саны бар бір бюллетень жарамсыз; бір акционердің болмауына байланысты дауыс салуға 10 дауыс қатыспады.
Күн тәртібінің «Жаңа мазмұндағы «Рахат» АҚ жарғысын бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:
Жаңа мазмұндағы «Рахат» АҚ жарғысы бекітілсін және «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасына жаңа мазмұндағы «Рахат» АҚ жарғысына қол қою үшін уәкілеттілік берілсін.
Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 333 057 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3 329 537 дауыс немесе 99,89%; «қарсы» – 1 450 дауыс немесе 0,04 %; «қалыс қалғандар» – 2 070 дауыс немесе 0,06 %; акционердің болмауына байланысты дауыс салуға 10 дауыс қатыспады.
Күн тәртібінің «Акционерлердің «Рахат» АҚ мен оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты өтініштері және оларды 2015 жылы қарау қорытындылары туралы» бесінші мәселесі бойынша көп дауыспен шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ мен оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2015 жылы қарау қорытындылары туралы мәлімет ескерілсін.
Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 331 067 дауысқа ие акционерлер қатысты: «жақтап» – 3 330 707 дауыс немесе 99,99 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – 360 дауыс немесе 0,01%; акционерлердің болмауына байланысты дауыс салуға 2000 дауыс қатыспады.