26.06.2009

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі хабарлайды

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылғы 21 шілдеде сағат 16.00-де мына мекен-жай бойынша акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.

Күн тәртібі:

1. «Рахат» АҚ есеп комиссиясының құрамы және өкілеттік мерзімі туралы.
2. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы Басқарманың есебі және 2009 жылға дамуының негізгі бағыттары туралы.
3. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы жылдық аудиттелген топтастырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4. «Рахат» АҚ-тың 2008 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағындағы ережелерге сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі ірі акционермен немесе директорлар кеңесімен, жалпы жиналыс өткізу уақытына дейін он бес күннен кешіктірілмей осындай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне хабарланған жағдайда өзгертілуі мүмкін.
«Рахат» АҚ акционерлерін акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.
«Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2009 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша «Рахат» АҚ акцияларын ұстаушылар тізіліміндегі мәліметтер негізінде жасалады.
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы жергілікті уақытпен сағат 14.00-де. Тіркеудің аяқталуы сағат 16.00-де. Тіркеу акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орны бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден өту үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде іс-әрекет ететін акционердің өкілінде өзімен бірге сенімхат түпнұсқасы және жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмыс материалдары акционерлерге танысу үшін 2009 жылғы 10 шілдеден бастап жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін «Рахат» АҚ атқарушы органы орналасқан орында мына мекен-жай бойынша беріледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.
Жиналым болмаған жағдайында, акционерлердің қайталама кезекті жылдық жалпы жиналысы 22 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 16.00-де мына мекен-жайда өткізіледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.
Анықтама алу телефоны: 8 (727) 258-47-14.