«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2011 жылғы 28 маусымда сағат 16.00-де 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекен-жайы бойынша акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды.
1. «Рахат» АҚ есеп комиссиясы өкілеттігінің құрамы және мерзімі туралы.
2. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы өз қызметі туралы есебі.
3. «Рахат» АҚ-тың 2010 жылғы жылдық топтастырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы.
4. «Рахат» АҚ-тың 2010 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.
5. «Рахат» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және олардың қорытындылары туралы.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағындағы ережелерге сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі ірі акционермен немесе Директорлар кеңесімен толықтырылуы мүмкін, бұл жағдайда, қоғам акционерлері осындай толықтырулар туралы жалпы жиналыс өткізу күніне дейін он бес күннен кешіктірілмей хабарлануы тиіс.
«Рахат» АҚ акционерлерін акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз.
«Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша «Рахат» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізіміндегі мәліметтер негізінде жасалады.
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысына қатысушылардың тіркелуі жергілікті уақытпен сағат 14.00-де басталады. Тіркеудің аяқталуы сағат 16.00-де. Тіркеу акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысын өткізу орны бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден өту үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде іс-әрекет ететін акционердің өкілінде өзімен бірге сенімхаттың түпнұсқасы және жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмыс материалдары акционерлерге танысу үшін 2011 жылғы 17 маусымнан бастап жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін «Рахат» АҚ атқарушы органы орналасқан жерде мына мекен-жай бойынша беріледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.
Жиналым болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама кезекті жылдық жалпы жиналысы 2011 жылғы 29 маусымда жергілікті уақытпен сағат 16.00-де мына мекен-жайда өткізіледі: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а.
Анықтама алу телефоны: 258-47-14.