«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылы 24 мамырда сағ. 16.00-де 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекен-жайында мына күн тәртібі бойынша өтетін акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды:
1. Қоғамның Директорлар кеңесінің және Басқармасының 2011 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту.
2. Қоғамның 2011 жылғы аудиттелген топтастырылған қаржылық есептілігін бекіту.
3. Қоғамның 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
4. Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері және 2011 жылы оларды қарау қорытындылары туралы.
Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – сағат 14.00.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – сағат 16.00.
Жиналым болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жылдық жалпы жиналысы 2012 жылғы 25 мамырда сағат 16.00-де сол күн тәртібімен сол мекен-жайда өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2012 жылғы 2 мамырда.
Акционерлер күн тәртібі бойынша материалдармен 2012 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Қоғамның ғимаратында мына мекен-жай бойынша таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а. Анықтама үшін телефон: 258-47-14.