«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі өз акционерлеріне 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша жылдық жалпы жиналыстың шақырылғанын және 2013 жылғы 30 мамыр күні сағат 16:00-де мына күн тәртібі бойынша өтетінін хабарлайды:
1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. Есеп комиссиясы мүшелерін сайлау туралы.
3. Директорлар кеңесі мен Қоғам басқармасының 2012 жылғы жұмысы туралы есебін бекіту туралы.
4. Қоғамның аудиттен өткен, 2012 жылғы жиынтық қаржылық есебін бекіту туралы.
5. Қоғамның 2012 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
6. «Рахат» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының 2002 ж. 20.05-дағы «Акциялар эмиссиясы туралы» шешімін жою туралы.
7. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне қатысты акционерлердің өтініштері және олардың 2012 жылғы қаралу қорытындысы туралы.
Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – сағат 14:00.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – сағат 16:00.
Кворум жиналмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жылдық жалпы жиналысы аталған мекенжай бойынша 2013 жылғы 31 мамырда, сағат 16:00-де осы күн тәртібімен өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2013 жылғы 27 сәуір.
Акционерлер күн тәртібі бойынша материалдармен 2013 жылғы 20 мамырдан бастап сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Қоғамның мына мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2а.
Анықтама телефоны: 258-47-14.