«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі өз акционерлеріне 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша Директорлар кеңесінің бастамасымен кезектен тыс жалпы жиналыстың шақырылғанын және 2013 жылғы 27 қараша күні сағат 16:00-де мына күн тәртібі бойынша өтетінін хабарлайды:
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
2. Есеп комиссиясы мүшелерін сайлау туралы.
3. «Рахат» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
4. 2006 ж. 14.12-да сайланған «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
5. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы.
Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – сағат 14:00.
Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – сағат 16:00.
Жиналмаған жағдайда, акционерлердің қайта шақырылатын кезектен тыс жалпы жиналысы аталған мекенжай бойынша осы күн тәртібімен 2013 жылғы 28 қарашада сағат 16:00-де өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2013 жылғы 25 қараша.
Акционерлер 2013 жылғы 18 қарашадан бастап сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Қоғамның мына мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында күн тәртібі материалдарымен таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2а.
Анықтама телефоны: 258-47-14.