Ақпараттық хабарлама
Соңғы кезде қазақстандық баспасөзде үкіметтің кейбір ақпарат көздеріне сүйене отырып, Оңтүстік Кореялық «Lotte Confectionery Co, Ltd» компаниясы Қарағанды кондитерлік фабрикасын алуға ниет білдіруде деген хабар жариялануда.
Осыған байланысты «Lotte Confectionery» компаниясы ағымдағы кезеңде «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ына қатысу үлесін иелену және келіссөздер жүргізу туралы ниеті жоқтығын ресми түрде мәлімдейді.
«Рахат» АҚ негізгі акционері «Lotte Confectionery» компаниясы өндірісті және Қазақстан Республикасының кондитерлік өнеркәсібін дамытуға қарқынды инвестициялық және экспорттық қызметті тарту арқылы «Рахат» фабрикасы өнімдерінің дәстүрлі дәмі мен сапасын сақтауды мақсат етеді, сондай-ақ қазақстандықтардың ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленуге бар күшін салады.