04.05.2019

«РАХАТ» АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ДИВИДЕНД ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ «РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ 2019 жылғы 30 сәуірде өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдерге сәйкес жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы «Рахат» АҚ акционерлеріне мынаны хабарлайды:

 

  1. Қоғамның атауы – «Рахат» АҚ;
  2. Қоғамның мекенжайы – 050002, Қазақстан Республикасы, Алматы қ ., Зенков к-сі, 2-а;
  3. Банк деректемелері – «Рахат» АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ АҚФ, БСК  KCJBKZKX;
  4. Дивиденд төленетін кезең – 2018 жыл;
  5. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 606 (алты жүз алты) теңге 00 тиын;
  6. Дивиденд төлеудің басталу уақыты – 2019 жылғы 31 мамыр;
  7. Дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2019 жылғы 02 мамыр;
  8. Дивиденд төлеу Қоғамның ғимаратында қолма-қол ақшалай төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізіледі;
  9. Байланыс телефоны: қабылдау бөлімі +7(727) 258-47-11,                                                             бірлескен мәселелелер жөніндегі басқарушы +7(727) 258-47-14.

 

ДИВИДЕНД ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ  «РАХАТ» АҚ  АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ  ХАБАРЛАМА

 

«Рахат» АҚ ұсынатын дивиденд алу тәсілдері:

  • қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы алу үшін банк шоты көрсетілген анықтаманың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін тапсыру қажет. Аталған құжаттарды тікелей өзіңіздің тапсыруыңызға немесе «Рахат» АҚ, A25T0D2, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2-а мекенжайына пошта арқылы жіберуге болады.
  • қолма-қол ақшалай төлеу арқылы алу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын тапсыру керек.

Ақпараттық байланыс: бірлескен мәселелер жөніндегі басқарушы + 7 (727) 258-47-14.

 

«РАХАТ» АҚ  АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ  ХАБАРЛАМА

 

 «Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2019 жылғы 30 сәуірде, сағат 10.00-де мына мекенжай: Алматы қ., Зенков к-сі, 2А бойынша өткен «Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды:

 

Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

 

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 308 дауыс немесе 100%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ-тың 2018 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

 

Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ  2018 жылғы тексерісінен өткен, топтастырылған  қаржылық есебі бекітілсін.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 308 дауыс немесе 100%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  2018 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы» үшінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

 

  1. «Рахат» АҚ 2018 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша алынған таза табысы  мына тәртіппен бөлінсін:

– таза табыстың 2.181.600.000 (екі миллиард бір жүз сексен бір миллион алты жүз мың) теңге 00 тиын көлеміндегі бөлігі «Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын;

– 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 606 (алты жүз алты) теңге                        00 тиын мөлшерінде белгіленсін;

– «Рахат» АҚ-ының дивиденд төленгеннен  кейін  қалған  таза табысы бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген  табысы  шотында қалдырылсын.

 

  1. Дивиденд төлеудің мына тәртібі мен  түрі белгіленсін:

– дивиденд төлеудің басталу күні – 2019 жылғы 31 мамыр;

– дивиденд төлеу мерзімі белгіленбесін;

– дивиденд  алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2019 жылғы 02 мамыр;

         – дивиденд төлеу Қоғам орналасқан жерде қолма-қол төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізілсін; 

– дивиденд төлеу  төлем агентінің қатысынсыз жүзеге асырылады.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 308 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры                                            Юн Ёнгхоның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» төртінші мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

 

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Юн Ёнгхоның өкілеттігі осы шешім қабылданған күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 308 дауыс немесе 100%; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорын сайлау туралы» бесінші мәселесі бойынша көпшілік дауыспен мына шешім қабылданды:

 

«Рахат» АҚ  тәуелсіз директоры болып  Бэ Джонг Хан (Bae Junghan) сайлансын.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты.

  • Бэ Джонг Хан (Bae Junghan): «жақтағандар» – 3 442 249 дауыс.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  мен  оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2018 жылы қарау қорытындылары туралы» алтыншы мәселесі бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

 

««Рахат» АҚ  мен  оның  қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2018 жылы қарау қорытындылары туралы мәліметтер ескерілсін.

 

Дауысқа салуға тұтас алғанда 3 442 308 дауысқа ие акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 442 308 дауыс немесе 100 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.