11.04.2018

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

     «Рахат» АҚ 2018 жылы 05 сәуірде, сағ. 10.00, Алматы қаласы Зенков 2-а мекен жайында өткен акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы «Рахат» АҚ акционерлеріне  хабарлайды:   

       Күн тәртібінің «Жиналыстың  күн тәртібін бекіту туралы» бірінші сұрақ бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

      «Рахат» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының  күн тәртібі бекітілсін.

       Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты,  «жақтағандар» – 3 332 325 дауыс немесе 100%;  «қарсы» – жоқ;  «қалыс қалғандар» – жоқ

      Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ 2017 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» екінші сұрақ бойынша көпшілік дауыспен мына шешім қабылданды:

      Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ 2017 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін. 

      Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 331 815 дауыс немесе 99,98%; «қарсы» – жоқ;  «қалыс қалғандар» – 510 дауыс немесе 0,02%. 

      Күн тәртібінің «2017 жылғы «Рахат» АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ-тың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін бекіту бойынша  шешім қабылдау туралы» үшінші сұрақ бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

1) «Рахат» АҚ 2017 жылғы таза табысы мына тәртіппен бөлінсін:

– 1.324.800.000 (бір миллиард үш жүз жиырма төрт миллион сегіз жүз мың) теңге  00 тиын көлеміндегі таза табысы «Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жіберілсін;

– 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 368 (үш жүз алпыс сегіз) теңге 00 тиын көлемінде белгіленсін;

– «Рахат» АҚ таза табысының дивиденд төлегеннен кейінгі қалған бөлігі бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген табысы шотында қалдырылсын.

2) Дивиденд төлеудің мына тәртібі мен үлгісі белгіленсін:

– дивиденд төлеудің басталу уақыты – 2018 жылғы 14 мамыр;

– дивиденд төлеу мерзімі белгіленбесін;

– дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2018 жылғы 16 сәуір;

– дивиденд төлеу Қоғамның орналасқан жері бойынша қолма-қол төлем тәртібімен жүргізіледі.

– дивиденд төлеу төлем агентінің қатысуынсыз жүргізіледі.

       Дауыс беруге  3 332 325  дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 332 325  дауыс немесе 100 %;  «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ

      Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы» төртінші сұрақ бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

      «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілген өзгерістер бекітілсін.

       Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 332 325  дауыс немесе 100 %;  «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

      Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі Ик У Намның уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы»» бесінші сұрақ бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

      «Рахат» АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі  Ик У Намның уәкілеттігі осы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатылсын. 

      Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 332 325  дауыс немесе 100 %;  «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

      Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы» алтыншы сұрақ бойынша бірауыздан мына шешім қабылданды:

      «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Пэк Кванг Хён және Константин Викторович Федорец сайлансын.

      Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты:

– Пэк Кванг Хён: «жақтағандар» – 3 332 325 дауыс;

– Константин Викторович Федорец: «жақтағандар» –  3 332 325  дауыс.

      Күн тәртібінің «Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне байланысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2017 жылғы қарау қорытындылары туралы» жетінші сұрақ бойынша көпшілік дауыспен мына шешім қабылданды:

      «Рахат» АҚ және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне байланысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2017 жылғы қарау қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.

      Дауыс беруге 3 332 325 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 331 570 дауыс немесе 99,98 %; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – 755 дауыс немесе 0,02 %.