«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Осы хабарлама арқылы «LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD» компаниясы 2018 жылы 29 желтоқсанда айналымдағы «Рахат» АҚ акцияларының 92,44%-ын сатып алуды аяқтағанын хабарлайды.
«LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD» компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Рахат» АҚ-ының айналымдағы қалған 7,56% жай акцияларын сатып алуы туралы хабарлайды және миноритар акционерлерге ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес белгіленген ағымдағы мерзімде, яғни осы хабарлама жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде өздеріне тиесілі «Рахат» АҚ акцияларын 20 228,00 теңгеден сатуды ұсынады. Миноритар акционерлер «Рахат» АҚ акцияларын сатып алу бойынша мына ұсыныспен танысуына болады:
Компания:
| Корея Республикасы, 10 Янпхён – ро, 21-гил, Йондынпхо – гу мекенжайында орналасқан және «Рахат» АҚ 92,44 % акциясын иеленуші «LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD», тел. +82-2-2670-6269/+82-10-9154-40559/ 8 (727)258-47-14 |
Сатып алынатын акциялардың жалпы саны: | 272 013 дана (7,56%)
|
Өткізу күні: | 2019 ж. 21 қаңтардан 2019 ж. 26 ақпанға дейін
|
Тапсырыстарды қабылдаудың басталу уақыты: | 2019 ж. 21 қаңтар, Алматы уақыты бойынша 11:30
|
Тапсырыстарды қабылдаудың аяқталу уақыты: | 2019 ж. 26 ақпан, Алматы уақыты бойынша 13:00
|
Шектеу күні мен уақыты: | 2019 ж. 27 ақпан, Алматы уақыты бойынша 15:00
|
Тапсырыстарды беру әдісі: | Жабық түрде
|
Сатып алуға арналған лимиттелген тапсырыстарды қанағаттандыру әдісі: | шектеу бағасы бойынша (шектеудің болжамды бағасы бір жай акция үшін 20 228,00 теңге)
|
Бағасы: | Бағалы қағаздың құны үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дәлдікпен берілген
|
Тапсырыстағы қаржы құралдарының мөлшері: | Жай акциялар саны
|
Тапсырыстарды шектеу әдісі | Тапсырыс берілген уақыт бойынша
|
Тапсырыс көлемі | Тапсырыста жай акциялар саны мен тапсырыс бағасын белгілеу
|
Нарықтық тапсырыстарды қанағаттандырудың пайыздық мөлшері: | 0%
|
Сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу күні: | 2019 ж.01 наурыз (Т+3)
|
Есептеу: | Есептерді «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ өзінің қағидалары жиынтығына сәйкес жүзеге асырады
|
Төлем шарттары: | Қанағаттандырылған тапсырыс көлемі бойынша төлеу |
«Рахат» АҚ акцияларын сатуға арналған тапсырыстарды қабылдау «Қазақстан қаржы биржасы» АҚ мүшелерінің акцияларды сату бойынша тиісті нұсқау беруі арқылы, акциялар сатып алынатын арнайы сауда әдісімен «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда желісінде жүзеге асырылады. «Рахат» АҚ-ының акцияларын сатуға тапсырыстар беру құқығына ие «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелерінің тізімін Сіз мына сілтеме: http://www.kase.kz/ru/membership бойынша қарай аласыз. «Акционерлiк қоғамдер туралы» ҚР заңының 25-бабы 4-тармағының 2-азатжолына сәйкес, миноритар акционердің өзіне тиесілі «Рахат» АҚ акцияларын сатуы туралы жазбаша келісімі жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша «Қазақстан қаржы биржасы» АҚ сауда жүйесінде акцияларды сатуға тапсырыс беруі болып саналады.
Барлық сұрақтар бойынша және қосымша ақпарат алу үшін ««RESMI» инвестициялық қаржы үйі» АҚ-ымен мына телефондар бойынша 8 (727) 266 70 77, ішкі тел. нөмірі: 339, 341 және «Рахат» АҚ-ымен мына тел. нөмірі: 8(727) 258 47 14 бойынша хабарласуды өтінеміз.