11.04.2018

ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ «РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Рахат» АҚ дивидендтердi алу үшін мына құжаттар қажет екендігі туралы хабарлайды:

  • қолма-қол төлемсіз алу үшін банктік шот туралы анықтама (түпнұсқа) және жеке куәлігінің көшірмесін өткізу қажет. Аталған құжаттарды жеке өзі немесе пошта байланысы арқылы келесi мекенжайға жібере алады: «Рахат» АҚ, A25T0D2, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков к-сі 2-а.
  • қолма-қол алу үшін – жеке куәлігінің түпнұсқасы қажет.

Байланыс бойынша ақпарат:  бірлескен мәселелер жөніндегі басқарушы +7 (727) 258-47-14.