15.06.2016

Halal Services Aliance (HSA)

«Рахат» акционерлік қоғамы «Халал» талаптарына сәйкес өнімдерді шығару құқығына ие болды. «Рахат» компаниясы тексеруден сәтті өтіп, «Halal Services Aliance» (HSA) басшылығымен белгілі бір өнім түрлерін шығаруға мүмкіндік беретін «Халал» сертификатын алды.

«Халал» сертификатын алу үшін компания ұжымы ұзақ уақыт, тынбай жұмыс істеді. Сертификаттау орталығының сарапшылары өндірістің барлық кезеңімен танысып, кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізаттар пен құрауыштардың құжаттамаларына талдау жасады. Кәсіпорын қызметкерлері «Халал» талаптары бойынша оқытылып, «Халал» стандарттарына сәйкес келетін өнім өндіру ерекшеліктерімен танысқан болатын. Барлық іс-шаралар атқарылғаннан кейін, қазіргі кезде сертификатқа енгізілген өнімдер – арасына шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафли, сондай-ақ шоколад өндірілетін жартылай дайын өнімдер кіретін «Рахат» АҚ өнімдерінің 122 түрі белгіленді. Пайдаланылатын шикізатты «Халал» талаптарына сәйкес келетін шикізатқа ауыстыру арқылы келешекте кондитерлік өнімдер тізбесін кеңейту«Рахат» акционерлік қоғамы … көзделген.

«Рахат» АҚ-ның жоғары сапалы өнім өндіруші ретіндегі беделі Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Түрікменстан елдерінің тұтынушылары арасында бұрыннан орныққан еді. Сертификаттың болуы аталған елдердегі өнімдерді сату көлемінің артуына ықпал етіп, келешекте Иран мен Пәкістанның жаңа нарығын игеруге жол ашады.