09.12.2021

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін

2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR 2021) жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы төртінші халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында инвестициялық климатты дамытудың өзекті мәселелері және Қазақстанда әлеуетті жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында инвесторларды марапаттау рәсімі өтті. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.