18.07.2014

WorldFood Kazakhstan 2014

«Рахат» АҚ «WorldFood Kazakhstan 2014» халықаралық көрмесі аясында өткен тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындардың «Үздік өнім WorldFood Kazakhstan 2014» 16-ншы кәсіби дегустациясына қатысты. Дегустацияға Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, профессор Ю.А. Синявскийдің басшылығымен тамақ өнеркәсібінің жетекші мекемелерінің жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарынан құралған сараптама комиссиясы қатысты. Байқау қорытындылары бойынша 1-орынға берілетін «Алтын медальді» төмендегі 8 аталым бойынша «Рахат» АҚ иеленді:
«Астана» шоколады
«Престиж ореховый» шоколады
«Престиж изюмный» шоколады
«Престиж орехово-изюмный» шоколады
«Рахат 65%» шоколады
«Сердцеедка марципан» кәмпиті
«Сердцеедка пралине» кәмпиті
«Сердцеедка» кәмпиті