Халық маркасы 2015
«Рахат» АҚ тұтынушылардың құрметіне ие болған «Халық маркасы» атты жалпы ұлттық байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Рахат» сауда белгісі ең көп дауыс жинап, ресми түрде «Кондитерлік өнімдер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Қазақстанның үздік тауары 2015
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқаудың қорытындысы бойынша «Рахат» АҚ «Үздік тағамдық тауарлар» номинациясында 1 орынға ие болды.
WorldFood Kazakhstan 2014
«Рахат» АҚ «WorldFood Kazakhstan 2014» халықаралық көрмесі аясында өткен тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындардың «Үздік өнім WorldFood Kazakhstan 2014» 16-ншы кәсіби дегустациясына қатысты. Дегустацияға Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, профессор Ю.А. Синявскийдің басшылығымен тамақ өнеркәсібінің жетекші мекемелерінің жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарынан құралған сараптама комиссиясы қатысты. Байқау қорытындылары бойынша 1-орынға берілетін «Алтын медальді» төмендегі 8 аталым бойынша «Рахат» АҚ иеленді:
«Астана» шоколады
«Престиж ореховый» шоколады
«Престиж изюмный» шоколады
«Престиж орехово-изюмный» шоколады
«Рахат 65%» шоколады
«Сердцеедка марципан» кәмпиті
«Сердцеедка пралине» кәмпиті
«Сердцеедка» кәмпиті
Қазақстан брендін жетістікпен дамыту 2014
2014ж. 14 қарашада өткен жыл сайынғы VI Экономикалық форум аясында «Қазақстанның ірі компаниялары» рейтингі көшбасшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. 2013 жылғы «Эксперт-200-Қазақстан» рейтингі қорытындылары бойынша «Рахат» АҚ «Қазақстан брендін жетістікпен дамыту» аталымы бойынша жеңімпаз болып танылды. 2009 жылдан бастап құрылған рейтинг еліміздің экономикасы дамуының негізін құрайтын жетекші қазақстандық компаниялардың көрнекті тізімін көрсетеді.
Агрофорум-2014
«Рахат» АҚ Екатеринбург қаласында өткен «Агрофорум-2014» өңіраралық агроөнеркәсіп көрмесінде алтын медальға ие болды.
Сала көшбасшысы 2014 ұлттық сертификаты
Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижелері бойынша «Рахат» АҚ Қазақстан Республикасындағы какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірумен айналысатын ірі кәсіпорындар арасында көшбасшы ретінде танылды. Таңдаулы құрмет белгілері – ресми «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификаты мен «Сапа көшбасшысы 2014 (Лидер отрасли 2014)» ескерткіш медалі «Көшбасшы» атағын тиісті түрде дәлелдей түсті. Ұлттық бизнес-рейтинг – 2002 жылдан бере қолданылып келе жатқан және кәсіпорын қызметі тиімділігін бағалау бойынша жетекші, коммерциялық емес, жалпы мемлекеттік рейтинг ретінде ТМД елдері мен Кедендік одаққа кеңінен танымал, кешенді рейтинг жобасы.
Сапа көшбасшысы 2014

«Рахат» АҚ Қазақстан Республикасында үш аталым бойынша 2-орынды иеленді 2013
«Рахат» АҚ Қазақстан Республикасында үш аталым: «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері», «Табыс көрсеткіштері», «Өтімділік көрсеткіштері» бойынша 2-орынды иеленді.
Үздік әлеуметтік әріптес – 2012
“«Рахат» акционерлік қоғамы «Үздік әлеуметтік әріптес – 2012» аталымы бойынша «Өрлеу» байқауының жеңімпазы болып танылды.
Мінсіз халықтық сапа 2012
Компания сапалы өнімдері үшін “Мінсіз” халықтық сапа белгісін және куәлігін алды.