Алтын Сапа
2022 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында байқау жеңімпаздарын – ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. «Рахат-Шымкент» ЖШС «Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші үздік кәсіпорын» аталымы бойынша
марапатталды.
«Рахат-Шымкент» еншілес кәсіпорнында алғаш рет өнім шығару 2001 жылы басталып, өндіріс орны 10 өнім атауымен ішкі нарықта алдыңғы қатардан көрінді.
2015 жылы өндірістік қуатты арттыру жобасы жүзеге асып, вафля, тығыз печенье, крекер өндірілетін желілер іске қосылды. Одан кейін вафля түтікшелерін өндіру жобасын жүзеге асыру көзделді.
2019 жылы маусым айында мармелад өндіру желісін, ал, 2020 жылғы қыркүйек айында қантты және сығымдама печенье өндіру желісін іске қосу жобасы жүзеге асты.
Қазіргі кезде жаңа құрал- жабдықтармен жарақталған Шымкент қаласындағы кондитерлік фабрика 125 өнім атауынан тұратын 6 өнім түрін шығарады. Кәсіпорын тек Қазақстанды тәтті өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сияқты көршілес елдердің сатып алушыларымен де өзара ынтымақтастықты қарқынды дамытуда.