ASTRAIA Certification
Энергияны пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында «Рахат» АҚ-нда 2014 жылы ИСО 50001:2011 энергия менеджменті жүйесі әзірленді және оны «ASTRAIA Certification, s.r.0., Моста 13,949 01 Нитра, Словакия» сертификаттау органы сертификаттаудан өткізіп, кәсіпорынға қолданыс мерзімі 2017ж. 06 қарашаға дейін белгіленген № EnMS-2354-2014 сертификаты берілген.
Жүйенің енгізілуі компанияға мына мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
энергия қорларының анықталған тиімсіз шығындарын жою және қуатты үнемдеудің операциялық әлеуетін саралау; өнеркәсіпке есеп айыру жүйесін енгізу және қуат қорларын пайдалану нормаларын жоспарлау; кәсіпорынның энергетикалық паспортын жасау; қуат көздерінен атмосфераға ЗВ зиянды заттардың таралуын ретке келтіру және микроклиматты жақсарту арқылы кәсіпорынның қуат қорларын пайдалану мөлшері орташа есеппен 7-13%-ға төмендетіледі;
Технологиялық қажеттілікке және шаруашылық пен тұрмысқа керекті суды тиімді әрі орынды пайдалану үшін кәсіпорында су қорларын басқару жүйесі үнемі жетілдірілуде, яғни суды пайдалану бойынша есептегіш құралдарды орнату, айналымдық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету, суды және жуғыш заттардың пайдаланылуын бақылау жолға қойылған.
«Жасыл» экономикаға өтудегі маңызды бағыттардың бірі – өндірістегі қалдықтарды жою және оларды пайдалану, сондай-ақ қайта қолданылатын өнім ретінде пайдалану.
«Рахат» АҚ-ның кондитерлік өндірісі технологиясы түгелдей қалдықсыз өнім өндіруге негізделген: шоколад кәмпиттерді өндіру кезінде какао бұршағы қабықтарының қалдығы ауыл шаруашылығында және жануарлардың жеміне қоспа ретінде қолданылады; органикалық қатты қалдықтар шаруашылықта жануарларды бордақылау үшін пайдаланылады; қолданылған қаптамаларды кері қайтаруға немесе қайта өндеуге болады.
Тұрмыстық қатты қалдықтар қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес келісім негізінде жойылады.
Қосалқы цехтарда өнім өндіру және пайдалану нәтижесінде пайда болған қауіпті қалдықтар – сынаптан тұратын шамдар, пайдаланылған майлар, істен шыққан аккумуляторлық батареялар жою жұмыстарын жүргізу лицензиясы бар, мамандандырылған кәсіпорынға тапсырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласында «Рахат» АҚ-ндағы басты міндеттердің бірі – ауаның ластануын азайту.
Бұл мақсатқа жету үшін «Рахат» АҚ-нда ауаны ластайтын зиянды заттардың шығарылу деңгейін төмендету үшін техникалық параметрлері салалық ғылым мен техника дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес келетін ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) жоғары жабдықтарды қолдану, цехтағы жұмыстардың қарқындылығын қамтамасыз ететін өндірісті автоматтандыру деңгейін үнемі арттыру, технологиялық процестердің қажетті өлшемдерін қатаң сақтау сияқты іс-шаралар жүзеге асырылады.
Шикізат пен материалдарды таңдауға айрықша көңіл бөлінеді: отандық және шетелдік диетологтардың, экологтардың, медицинадағы түрлі бағыттардың нұсқауларына сәйкес келетін экологиялық тұрғыдан таза шикізаттар қолданылады.
Шикізат сапасын және өндірістің барлық сатысын тұрақты түрде бақылау, технологиялық процестерді үнемі жетілдіріп отыру өнімнің жоғары деңгейдегі микробиологиялық тазалығын қамтамасыз етеді.
«Рахат» АҚ-нда тоқсан сайын өндірістік экологиялық бақылау және қоршаған орта жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын мониторинг жүргізіледі.