«Рахат» АҚ Шымкент қ. печенье өндіретін жаңа желіні іске қосты
2020 жылғы 22 қыркүйектен бастап «Рахат» АҚ Шымкент қаласындағы 2-нші өндіріс орнында қантты печенье шығара бастады. Желі өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында қол қойылған
ынтымақтастық туралы Меморандумның екінші кезеңінде іске қосылды. Инвестиция 3,2 миллиард теңгені құрады. 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Жабдықтардың өндірістік қуатына қарай жылына 12 мың тонна өнім шығару көзделген.«Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец: – «Рахат» кондитерлік өнімдеріне деген сұраныстың тұрақтылығы біздің өнімдеріміздің қажет әрі бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Жаңа өндірістік алаңды іске қосу сапа бойынша әлемдік
стандарттарға сәйкес печеньеге деген сұранысты қамтамасыз етуге, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұған қоса біздің тарапымыздан төленетін салық мөлшері де көбейіп, соған орай өңірдің бюджеті арта түседі. Компанияның таяу кезеңдегі жоспары – өндірілетін өнім түрлерін көбейту. Қазіргі кезде біз печеньенің жаңа түрлерін шығарумен айналысудамыз, – деп атап өтті. Желіні іске қосу әлемдік ірі кондитерлік өнім өндірушілердің бірі – біздің басты акционеріміз «Lotte Confectionery» тобымен бірге әзірленген инвестициялық бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Компанияның жоспарында «Рахат-Шымкент» ЖШС өндірісі көлемін одан әрі арттыру көзделген.