06.12.2016

«Рахат» АҚ «Алтын сапа» сыйлығы аясында «Ұлы Дала елі» біртұтас брендісін пайдалану құқығына ие болды

«Рахат» АҚ «Алтын сапа» сыйлығы аясында «Ұлы Дала елі» біртұтас брендісін пайдалану құқығына ие болды

«Рахат» АҚ  … Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының бастамасы бойынша отандық өнім өндірушілерге «Ұлы Дала елі» біртұтас брендісін пайдалану құқығы беріледі. Бұл марапат жыл сайын еліміздің алдыңғы қатарлы экспорттаушылары ретінде отандық үздік компанияларға – ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне тапсырылады. Эмблема Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделі мен танымалдығын арттырып, сапалы өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді біртұтас брендіге біріктіреді. Жиынтық брендіні пайдалану құқығы таяу және алыс жатқан шетелдердегі танымалдығымызды еселеп, ілгерілей түсуімізге ықпал етеді.

Аталған мерейлі марапатқа ие болу – еліміздің ғана емес, шет мемлекеттер нарығындағы «Рахат» компаниясының көшбасшылық бағытының тағы да танылуы. Компаниямыздың «Ұлы Дала елі» брендісін пайдалану құқығына ие болған тамақ өнімдерін өндірушілер арасында бірінші болып аталуы біз үшін айрықша маңызды.