11.04.2017

«Рахат» АҚ «Халал» стандартына сәйкестікті растау бойынша қайта сертификаттаудан сәтті өтті

«Рахат» АҚ «Халал» стандартына сәйкестікті растау бойынша қайта«Рахат» АҚ «Халал» сертификаттаудан сәтті өтті. «Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығы» ЗТБ шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, сондай-ақ шоколад өндіруде қолданылатын жартылай дайын өнімдер құрайтын «Рахат» АҚ өнімдерінің  «Халал» стандарты талаптарына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары Шымкенттегі кәсіпорынмен қоса, «Рахат» АҚ өндірісінің барлық сатылары бойынша тексеріс жүргізді.

Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер құжаттамасы егжей-тегжейлі талданды. Кәсіпорын қызметкерлері «Халал» өнімдеріне қойылатын талаптар бойынша оқытылып, аталған өнімдерді өндіру ерекшеліктерімен танысты.

2018 жылы 28 наурызда қолданыс мерзімі 2019 жылғы 27 наурызға дейін белгіленген № 472 сертификат берілді.