08.04.2020

«Рахат» АҚ Шымкент қаласында мармелад өндірісінің жаңа желісін ашты.

«Рахат» АҚ Шымкент қаласында мармелад өндірісінің жаңа желісін ашты. Жаңа желістің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылды.

Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция келді. Жаңа желістің ашылуының арқасында бұл аймақтың 80 тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі. Шымкент қаласындағы фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.

Максут Искаков, Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілі қаланың өндірістік әлеуетін арттыруы жайлы сөз қозғады:

 «Қазақстандық брендтің тәтті өнімдері біздің шаһарда өндірілетінін мақтан етеміз. Шымкент қаласында өндірілетін «Рахат» фабрикасының мармелад пен печенье өнімдері ТМД, Еуропа, Азия елдеріндегі мемлекеттерге жөнелтіледі. Біз «Рахат» фабрикасының өңірдегі өндірістің даму мүмкіндіктерін арттырып, инвестиция жолдауға дайын екеніне көз жеткізіп отырмыз. Шымкент қаласы мен «Рахат» фабрикасы бірлесе отырып туристтердің алдында мемлекетіміздің ұлттық беделін арттыра алады деп ойлаймын»

«Рахат» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец оңтүстік мегаполисте өндірілетін мармеладтың ерекшелігін тілге тиек етіп, компания жоспарымен бөлісті:

«Мармеладтық өнім сегментіндегі сатып алушылардың сұранысы бізге ішкі және сыртқы нарықтағы тұрақты өсімнің барын көрсетеді. Ол мармелад секілді құрамында қант көлемі аз кондитерлік өнімдерді тұтынудың қазіргі тенденциясымен байланысты. Шымкент қаласындағы өндірістің желінің іске қосылуы «Рахат» АҚ үшін стратегиялық қадам болды. Компанияның келесі жоспарларының бірі – өнім ассортиментін арттыру. Бүгінгі күннің өзінде де агар-агар, пектин, желатин секілдің таза шикізат негізіндегі жаңа мармелад түрлерін заманауи алдыңғы технологиялар арқылы құйып шығаруды қолға алып отырмыз»

Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.