07.04.2025

«РАХАТ» АҚ  ХАЛАЛ СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУДАН ТАБЫСТЫ ӨТТІ

«Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығы шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, сондай-ақ шоколад өндіруде қолданылатын жартылай дайын өнімдерден құралған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өнімдерінің 225 атауының «Халал» стандарты талаптарына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары  Шымкенттегі  өндіріс алаңымен  қоса «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өндірісінің барлық сатыларын тексерді. Кондитерлік өнімдер өндіруде қолданылатын шикізаттар мен ингредиенттерге қатысты құжаттамалар бойынша мұқият талдау жүргізілді. 2025ж. 28 наурызда  қолданыс мерзімі 2026 жылғы 27.03-ға дейін белгіленген  № AHIKKZ – 472 сертификаты берілді. 2025 жылғы 30 наурызда «Рахат-Шымкент» ЖШС қолданыс мерзімі 2026 жылғы 29.03-ға дейін белгіленген № AHIKKZ- 471 сертификатын иеленді.

сертификат № AHIKKZ- 472
сертификат № AHIKKZ- 471