07.04.2023

«ЛОТТЕ РАХАТ» АҚ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ БОЙЫНША ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУДАН ТАБЫСТЫ ӨТТІ

​«Қазақстан Халал Индустриясы» қауымдастығы» шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, драже, сондай-ақ шоколад өндірісінің жартылай дайын өнімдерінен құралған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өнімдерінің 230 атауының Халал стандартына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ндағы және оның Шымкент өндірістік алаңындағы барлық өндіріс сатыларына тексеру жүргізді. Кондитерлік өндіріске арналған шикізаттар мен ингредиенттер бойынша құжаттамаларға мұқият талдау жүргізді. 2023 жылғы 28 наурызда қолданылу мерзімі 2024 жылғы 27 наурызға дейін белгіленген № 472 сертификат берілді. 2023 жылғы 30 наурызда «Рахат-Шымкент» ЖШС-не қолданылу мерзімі 2024 жылғы 29 наурызға дейін белгіленген № 471 сертификат берілді.