«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ЛОТТЕ Рахат» АҚ) акционерлерінің Акционерлердің жалпы жиналысы отырысын өткізбей, 2022 жылғы 25 сәуірде болған жылдық жиналысының сырттай дауыс беру бойынша шығарған шешіміне сәйкес «ЛОТТЕ Рахат» АҚ жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы акционерлерге мынаны хабарлайды:
1. Қоғамның атауы – «ЛОТТЕ Рахат» АҚ;
2. Қоғамның мекенжайы – 050002, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а;
3. Банк деректемелері – «ЛОТТЕ Рахат» АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ АҚФ, БСК KCJBKZKX, ЖСК: KZ648560000000112913;
4. Дивиденд төленетін кезең – 2021 жыл;
5. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 558 (бес жүз елу сегіз) теңге 00 тиын;
6. Дивиденд төлеудің басталу уақыты – 2022 жылғы 05 мамыр;
7. Дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2022 жылғы 25 сәуір;
8. Дивиденд төлеу Қоғамның ғимаратында қолма-қол ақшалай төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізіледі;
9. Байланыс телефондары: қабылдау бөлімі +7(727) 258-47-11, бірлескен мәселелелер жөніндегі маман +7(727) 258-47-14.
ДИВИДЕНД ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ «ЛОТТЕ Рахат» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАМА.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ дивиденд алу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет екенін хабарлайды:
• қолма-қол ақшасыз алу үшін банк шоты көрсетілген анықтаманың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін тапсыру қажет. Аталған құжаттарды тікелей өзіңіздің тапсыруыңызға немесе «Рахат» АҚ, A25T0D2 (050002), Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков к-сі, 2а мекен жайына пошта арқылы жіберуге болады.
• қолма-қол ақшалай алу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын тапсыру керек.
Байланыс тел.: бірлескен мәселелер жөніндегі басқарушы + 7 (727) 258-47-14.
28.04.2022