Қазақстанның Qazaqstan Oneri заманауи өнерді қолдау жобасының аясында «Лотте Рахат» компаниясы мен ArtFuture платформасы Арт-резиденцияның есігін ашты.
Қазақстанның Qazaqstan Oneri заманауи өнерді қолдау жобасының аясында «Лотте Рахат» компаниясы мен ArtFuture платформасы Арт-резиденцияның есігін ашты. 1 қазан мен 29 қараша аралығында екі ай бойы Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілері Алматы балалар үйлерінің балалары үшін мастер-кластар мен семинарлар өткізді.
Бұл жобаның мақсаты – балаларды өнер әлемімен таныстыру және қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас авторлардың көркем өнердегі талпыныстарын дамытуға көмектесу.
Жобаға жалпы 30 бала қатысты – олардың барлығы өтеусіз негізде көркемдік шеберлік курсына қатысты. Жас суретшілердің шеберлермен бірлесіп жасаған соңғы жұмыстары «Жаңа Ерке» шоколад жинағын безендіру болған.
«Qazaqstan óneri» Қазақстанның бүгінгі таңдағы өнер қайраткерлерін қолдау жөніндегі бірқатар жобаларды қамтиды. Сөйтіп, бір жыл бұрын компания ArtFuture-мен бірлесіп: Асқар Есдәулет, Қазақбай Әжібекұлы, Ержан Танай, апалы-сіңлілер Ғалия мен Бота Құсайыновалар, Оразбек Есенбаев және Арыстанбек Шалбаев сынды заманауи қазақстандық суретшілердің туындыларының репродукциясымен көркемделген шоколад өнімдерінің желісін іске қосты. Дәл сол 2020 жылы дүкен сөрелерінде жас суретші Әйгерім Кәрібаеваның суреттері салынған бұйымдар да пайда болды.