02.12.2021
Ақпараттық хабарлама
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен 2021ж. 17 қарашадан 19 қарашаға дейін көрме орталығында тауар өндірушілердің «Шымкент өнімдері» («Сделано в Шымкенте») атты көрмесі өтті. Фармацевтика, машина жасау, химия, тоқыма, ағаш өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешені мен тамақ өнеркәсібінің жүзден астам кәсіпкерлері өз тауарларын көрсетті. «Рахат-Шымкент» ЖШС экспозициясында кондитерлік өнімдердің сан алуан түрлері – печенье, карамель, зефир, мармелад және т. б. ұсынылды. Көрме аясында қала тұрғындары мен қонақтары арасында «Халық таңдауы» атты онлайн-дауыс беру өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Тамақ өнеркәсібі саласы» аталымында «Рахат-Шымкент» ЖШС жеңімпаз болып танылды.