«Pepero» күні
11 қараша «Pepero» күні ретінде белгіленген, себебі бұл «төрт таяқшаға» (11.11) байланысты алынған. Кореяда жыл сайын аталған күн Достық күні болып саналады. Халық дені сау және сымбатты болуды тілеп, бір-біріне «Pepero» қорапшасын сыйлайды. Бұл дәстүр 1994 жылы оңтүстік Кореядағы Пусан қаласында пайда болды. Ол, әсіресе, жастар арасында тез таралды. Дәл осы күні тұрғындар өздерінің сүйіспеншілігі мен ниетін білдіріп, өз отбасына, достарына, сүйіктілеріне ең жақсы тілектерін айтып, бір-біріне «Pepero» таяқшаларын береді. Печеньені жай танысыңа, құрбыңа немесе мұғаліміңе – кез келген адамға беруге болады. Бұл күн – достық пен сүйіспеншілік, қамқорлық пен бауырмалдық мерекесі.
11 қарашада аталмыш мереке қызықтарын бөлісу үшін біз қала тұрғындарын Алматы метросында өтетін «Pepero күнін тойлауға шақырамыз! Метро жолаушыларына тосынсыйлар мен тәттілер тарту етіледі. Бұған қоса 10 қарашада биік таулы «Медеу» мұзайдынында таңертеңнен кешке дейін «Pepero» печенье-таяқшалары таратылады.