06.02.2014

ISM-2014

2014ж. 26 қаңтардан 29 қаңтарға дейін Кельн қаласында ISM-2014 көп экспоненттер қатысқан кондитерлік өнімдердің 44-інші халықаралық көрмесі өтті. Осы жылы 70-тен аса елден 1450-ден артық экспонент тәттілерге арналған әлемдегі ең үлкен және ең маңызды жәрмеңкеге ат басын тіреді.2  Әлемдік кондитерлік өнім өндірушілер үшін бұл көрменің маңыздылығына дәлел болатындай көрмеге қатысушылардың арасында ISM-ге2014ж. 26 қаңтардан … қайтып оралған компаниялар да болды. Нарық көшбасшыларымен қатар шағын және ортанқол компаниялар да сан алуан өнімдерді – шоколад пен кондитерлік өнімдермен қоса жеңіл де тойымды басытқылардың барлық түрін ұсынды.2014ж. 26 қаңтардан …

Кондитерлік өнім өндіретін әлемдік жетекші компаниялармен бірге айтулы көрмеде «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ауқымды экспозициясын қатарынан 8-інші жыл кеңінен көрсетті. Көрме алаңында қызықты кездесулер мен әр түрлі бағыт бойынша (110-ға тарта) көптеген фирмалар және компаниялармен кездесулер өтіп, келіссөздер жүргізілді.

Көптеген өнімдерімізбен қоса «Медовое желе», «Медовое молочко», «Медовый сбор», «Медовый трюфель» сияқты жаңа өнімдеріміз де көрме алаңынан орын алды. Көрмеге келушілер біздің фабрикамыздың өнімдерінің әр түрінен дәм татты.