13.10.2009

«Алтын Дастархан» аспаздық өнері фестивалі

2009 жылғы 12-14 қазанда мейрамхана және қонақ үй қызметтері жүйелерінің кәсіби қоғамы, сондай-ақ осы бағытқа арнап жабдықтар, материалдар мен азық түлік өндірушілер және жеткізушілер жыл сайынғы «Алтын Дастархан» аспаздық өнері фестиваліне жиналды. Бұл жылы фестиваль «Кардинал» ойын-сауық орталығында өтті.
Халықаралық шараны бірге алып жүретін осы көрмеге «Рахат» акционерлік қоғамы қонақ үй мен мейрамханалардың клиенттеріне қызмет көрсету үшін алматы фабрикасының кондитерлік өнімдерінің көп түрін пайдалану мүмкіндіктері мен артықшылықтарын ашып көрсететін экспозициясымен қатысты.
Сонымен қатар көрмеде «Рахат» АҚ келе жатқан Жаңа жылға қазақстандықтарға ұсынатын жаңа жылдық сыйлықтардың жаңаша жинағын көрсетті. Тартымды және ашық функциональді құрылымдар, қызықты сюжеттер, рәсімдеулер, қаптаманың әр түрлі материалдары көрмеге келушілердің жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға алғашқы тапсырыстар берулеріне қызығушылықтарын тудырды.