20.12.2009

«РАХАТ» АҚ-ның өлшеп салу цехы

«РАХАТ» АҚ-ның өлшеп салу цехы жобалық қарқын алды. Алматы фабрикасы енді тұтынушыларға кәмпит, карамель, ирис пен мармеладты тек әсем безендірілген полипропиленді пакеттермен ұсынып қана қоймайды. Бұрын өлшенбелі түрде ұсынылып келген кез-келген өнім, көтермемен сатып алушылардың өтініші бойынша, босату бағалары өзгертілмей, 0,25 – 1 кг көлеміндегі мөлдір, полипропиленді пакеттерге өлшеніп салынуы мүмкін. Бұл соңғы сатып алушылар – супермаркеттерден бастап шығарып сатумен айналысатындарға дейін, сондай-ақ шағын көтермемен сатып алушыларға кең сұрыпталымдағы өнімді алдын-ала дайындалған килограмдық мөлшерде сатуға қосымша мүмкіндік беріп, ыңғайлы жағдай тудырады. Мөлдір пакеттерге өлшеп салу қажетті дәлдікте қаптамалық автоматпен орындалады, тігістердің ауа өткізбейтіндей жымдастырылуы кондитерлік өнімдерді өндіру жағдайын жақсартып, сақталу ұзақтығын арттырады.
Бұдан басқа жеке орнатылған құрылғы өлшенбелі өнімнен – тақта шоколад, печенье және вафли бумаларынан, көркем қораптардан – өлшеніп салынатын бірліктердің берілген санынан блоктар қалыптастырады. Осылайша аралық бойынша пакеттерге салу қымбатырақ өнімдерді шағын көтермемен сатып алатын тапсырыстарды жинақтау кезінде, сонымен бірге желілік ритейлдегі дисконттық саудада сұранысқа ие.