2009 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралардың өтуі барысында қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін үкімет тарапынан марапаттау өтті
2009 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралардың өтуі барысында ғылым және өнер қайраткерлерін, кәсіпкерлерді, өнеркәсіп және ауылшаруашылық қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін үкімет тарапынан марапаттау өтті. Мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық тұрғыдағы жемісті қызметі мен Қазақстан Республикасының зияткерлік және рухани әлеуетін дамыту мен арттыруға зор үлес қосқаны, адам құқығын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғауда жүргізген белсенді қызметі үшін «РАХАТ» АҚ президенті Анатолий Висханович Попелюшко «ПАРАСАТ» (Благородство) орденімен марапатталды.
Дәл осы кезеңде «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы мен жеке бизнестің қарыштап алға басуына ерекше еңбек сіңіргені және қызмет еткендері үшін біздің еліміздің бірқатар азаматтарын жоғары дәрежелі қоғамдық мадақпен марапаттады. Едәуір еңбек өнімділігіне, индустриалды және қаржылық диверсификацияға, өнімнің жаңа түрлерін өндіруге, халықаралық дәрежедегі бәсекеге қабілетті, сапалы өнім шығаруға жетуде компанияны техникалық жағынан қайта қаруландырып, жаңа технологияларды табысты игергені үшін «РАХАТ» АҚ бас технолог Наталья Мироновна Хильчук «Адал кәсіпкерлігі үшін» – «За верность делу» III дәрежелі «Атамекен» медалімен марапатталды.