02.02.2011

ISM-2011 көрмесі

«Рахат» АҚ 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Кельн қаласында (Германия) өткен әлемдік кондитерлік индустрия үшін басты форум – ISM-2011 көрмесіне кезекті рет қатысты. Бұл жылы көрмеге келушілер саны 5%-ға жетіп, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті. Мамандардың пікірінше ISM ғана маусымның барлық маңызды тың ойлары мен тауарларын жария етеді және осы көрме кондитерлік саланың дамуына жаңа екпін береді.ISM «Рахат» АҚ бұл көрмеге өнімнің кеңейтілген түрдегі сұрыпталымын, бірінші кезекте 2010 жылдың соңында пайда болған жаңа өнімдерді ұсынды.

«Рахат» АҚ Президенті көрмеде кондитерлік фабриканың делегациясын қайтадан өзі басқарды, себебі тек осында компания үшін маңызды, жаңа жетістіктерге қол жетеді және қолда бар сауда келісімдерінің дамуы бастау алады. Маркетингтік шаралар кешенінің, соның ішінде тиімді көрме жұмысының арқасында алматылық кондитерлер бүгінде өз өнімін тек ТМД елдері мен Еуропаға ғана емес, 9 шетелдік мемлекетке шығарады. Жеткізу географиясы экономикалық және саяси тұрғыдан күрделі елдер санатындағы Африка мен Ауғанстанды, сонымен бірге Қытайдың мықты бәсекеге қабілетті кондитерлік өнімдер нарығын да қамтиды.