18.05.2011
“Казбренд-2011” рейтингі
Осы жылы алғаш рет жасалған Қазақстанның ең қымбат бренді рейтингінің аясында MPP Consulting агенттігі 2010 жылдан бастап ұлттық брендтерді бағалаудың ұзақ мерзімді жобасын енгізді.
“Казбренд-2011” рейтингінің басты мақсаты – ең қымбат 50 қазақстандық брендтерді, олардың ағымдағы нарықтық құнын анықтау. Рейтингке тек Қазақстанда жасалған немесе әлемдік нарықта кейін пайда болғанына қарамастан қазақстандық тауарлар (қызметтер) үшін жасалған брендтер енді.
Брендтер рейтингінде «Карагиндинское» сырасы мен БТА Банк брендтерінің соңын ала «Рахат» кәмпиттері үшінші орынды иеленді.
“Казбренд-2011” – қазақстандық бренд тарихындағы алғашқы және MPP Consulting агенттігі 2011 жылы жариялауды жоспарлаған ұлттық брендтер сериясындағы бірінші рейтинг.