«Ризашылық» мерекесі
«Жанұя» мамандандырылған балалар кешенінде алғыс айту күніне арналған «Ризашылық» мерекесі өтті. Бұл күні кешеннің тәрбиеленушілері көпшілікке игі тілектер айтып, алғыстарын білдірді. Балалар ән салып, би билеп, өлең айтып, мерекелік концерт қойды және өздерінің шығармашылық жұмыстарынан керемет көрме ұйымдастырды.«Жанұя» мамандандырылған балалар …
Аталған мереке «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл күні республикамыздың барлық балалар үйлерінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мерекенің басты мақсаты – жетім балаларға көмек көрсетуге әзір болу және көпшіліктің қамқорлығы мен ықыласына зәру балаларға қолдау көрсету, оларға мейірім шуағын төгіп, жан жылуын беру.«Жанұя» мамандандырылған балалар … Ата-анасынан айырылған жетім балалардың тағдыры ойлантатын мейірімді жандар оларға бұл күні сыйлықтар ғана беріп қоймай, жүрек жылуын арнайды.
«Рахат» компаниясы мерекелік іс-шараға демеушілік жасады және мерекелік дастарханға тәттілер тарту етіп, балаларды қуанышқа кенелтті.